Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласында заңсыз орналасқан дүңгіршектер, гараждар мен жарнамаларды сүру жұмыстары жалғасуда

6-04-2023, 14:28 Думан Кенжеғазыұлы

Экологиялық екі айлық тазалық акциясы аясында қалада заңсыз орналасқан дүңгіршектердің иелеріне хабарламалар жолданып, дүңгіршектерді сүру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай келмейтін, жыртылған, ескірген, жарнамалар алынып тасталуда. Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері қалада заңсыз жарнамалады алып тастау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Осы сенбі, 8 сәуірде баршаңызды қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз! Сенбілік сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Бизнес өкілдері өздерінің және оған іргелес аумақтарды тазалауы қажет.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив