Cемей-22°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
507.05 594.82 6.51

Абай облысында бұқаралық спортты дамыту бағытындағы Президент тапсырмасы жүйелі жүзеге асуда

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында нақты жобалар қолға алынуда. Соның бірі – Семей қаласындағы Ұшақтар шағын ауданында салынып жатқан заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Қазіргі таңда нысанның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жалпы аумағы 1770 шаршы метрді құрайтын спорт кешені 1,1 гектар жер телімінде бой көтереді.

Жобаға сәйкес, екі ғимараттан тұратын дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындардың спортпен жүйелі түрде айналысуына қолайлы жағдай жасамақ. Мұнда әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар, жаттығу алаңдары мен сауықтыру аймақтары қарастырылған.

Аталған спорттық нысан «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жобасы болып табылады. Кешен пайдалануға берілген соң, шағын аудан тұрғындары үшін қолжетімді спорт инфрақұрылымы қалыптасып, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар мен балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға серпін бермек.

Айта кетейік, облыста бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив