Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Қала әкімі Цементшілер кентінің тұрғындарымен кездесті

7-04-2023, 12:50 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Жергілікті Полиция бөлімінің басшысы Елдос Оразалинмен және қалалық әкімдіктің бөлім басшыларымен бірлесіп Цементшілер кентіндегі тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қашаубаев 7а,7б, Галетто, Народная көшелерінің тұрғындары қоқыстың уақытылы шығарылмайтындығына және тұрғын үйді басқарушы орган КСК-ның жұмысына шағымданды.

Қала әкімі өз кезегінде қоқыс төгуші кәсіпорын басшылығына салғырт жұмысы үшін ескерту жасап, қоқыстарды бүгіннен қалдырмай тазалауды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметоваға көп қабатты тұрғын үйлерді басқарушы органдардың (КСК,ОСИ, ПТ, кондоминиум) жұмысын қатаң қадағалауға алып, шара қолдануды ескертті.

Көшпелі кеңес барысында жолдардың жай-күйі, балалар алаңқайын орнату сынды сұрақтар көтерілді. Қала әкімі барлық сұрақтардың бақылауға алынатындығын атап өтіп, жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асатындығын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив