Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-16°С
  • Ақсуат-17°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-16°С
  • Курчатов-13°С
  • Көкпекті-17°С
  • Үржар-8°С
503.35 590.63 6.62

Облыс әкімі Глуховка орта мектебінде болды

Кеше, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Аймақ басшысы Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы Глуховка орта мектебіне барып, білім беру мекемесінің тыныс-тіршілігімен танысып, өзекті мәселелеріне назар аударды.

1978 жылы қолданысқа берілген ғимаратта бүгінде 297 оқушы оқиды, 47 мұғалім еңбек етеді. Мектепте 25 оқу кабинеті бар. Оның 13-і заманауи үлгіде жабдықталған.

2025 жылы мектептің шатырына күрделі жөндеу жүргізіліп, оқу кабинеттері жаңа жиһаздармен толықтырылды. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, дизель электр станциясы жөнделді. Электр қазандығы орнатылды. Дегенмен білім ордасында түйткілді мәселелер де бар. Спорт және акт залдары жөндеуді қажет етеді.

Облыс әкімі ғимарат ішін аралап көріп, өзекті мәселелердің назарға алынатын айтты. Ауылдық жерлердегі  мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.

«Ауылдық жерлердегі мектептердің білім сапасы, материалдық-техникалық жабдықталуы – әрдайым назарымызда. Былтыр облыстағы 12 мектепке күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде 9 мектеп толық реновациядан өтіп, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өңірдің өңірдің 75 мектебіне 131 оқу кабинеті, оның ішінде 89 жаңа модификациядағы кабинеттер сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив