Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай28°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
488.37 559.77 6.64

Абай облысында Бірлік мерекесі кең көлемде тойлануда

1-05-2023, 11:17 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Семей қаласында және барлық аудан орталықтарында 1 мамырға орай мәдени ойын-сауық бағдарламалары дайындалып, тұрғындар үшін 40-тан астам іс-шара жоспарланған. Семейдегі Бейбітшілік аралында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Береке бастауы –бірлік» атты халықтық мерекелер өтуде.

Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, салалық басқарма мен бөлім басшылары, түрлі этнос өкілдері мен қала тұрғындары қатысуда. 

Мерекелік шара «Мәдениет», «Білім», «Балалар», «Спорт», «Достық» сынды түрлі тақырыптық алаңдарға бөлінді. 

Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев барлық алаңды аралап, ондағы қол өнер бұйымдарымен және тақырыптық көрмелермен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив