Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
481.54 553.24 5.93

Алакөлде демалушылар үшін жаңа нысандар ашылып, инфрақұрылым жаңартылды

Бүгін, 13:55 018.kz

Алакөл көлі – республика бойынша ең көп баратын демалыс орындарының бірі. Соңғы жылдары мұнда келушілер саны артып, соған сай инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары да қарқын алды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Қойгельдин мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, демалушыларға қолайлы жағдай жасау және қызмет сапасын арттыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асқан.

Бұдан бөлек, Қабанбай ауылында өрт сөндіру депосы салынып, пайдалануға берілді. Алакөл жағалауында құтқару стансасы ашылып, 5 шақырым жағалау жолына асфальт төселді. Өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатында Қабанбай ауылдық округіне қосымша арнайы техника берілген.

Сондай-ақ көптен бері көтеріліп келген тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесіне де назар аударылған.

– Көл жағалауында қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды өңдеу инфрақұрылымының болмауы тұрғындар мен демалушылар тарапынан жиі айтылып келді. Осыған байланысты Қабанбай ауылынан 7 шақырым жерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға арналған жоба дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Құрылыс жұмыстарын осы жылы бастау жоспарланып отыр. Ал сұйық қалдықтарды өңдеу үшін модульдік тазарту құрылысын орнату бойынша жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп қорытындылады аудан әкімі.

Абай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив