Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Сенатта ЕАЭО аясындағы кепілгерлікті дамыту туралы келісім талқыланды

3-05-2023, 11:29 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасу) кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды талқылады.

Келісімді ратификациялау кедендік транзит кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеуді орындаудың неғұрлым тартымды жүйесін құруға бағытталған. Атап айтқанда, Келісім кедендік төлемдерді төлеу міндетін орындалуын қамтамасыз етуде жұмыс тәжірибесі бар негізгі декларанттарға, сондай-ақ Келісімге сәйкес ұлттық кепілгер деп танылған кепілгерлерге оңайлатылған жүйені қолдану мүмкіндігін көздейді.

Құжат ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді, транзиттік тасымалдарды жасау кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бизнеске «кепілгерлік» институтын дамытуға және қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тасымалдаушылар үшін жағдайды жақсартатын болады.

Суретті түсірген: Б. Серікбай

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив