Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Абай ауданының орталығы гүлденіп келеді – Өмірбек Бекбаев

3-05-2023, 13:48 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының тағдырлы шешімімен еліміздің мәдени-рухани орталығында Абай облысы құрылып, Абай елі қайта түлеуде.

Бүгінгі кеңейтілген кеңесте Абай ауданы, Қарауыл ауылының әкімі Өмірбек Бекбаев сөз сөйлеуге жазылып, аудан орталығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

«Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында тың серпін, жаңа көзқараспен тиісті жұмыстар қолға алынуда. Мәселен көп жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан балалар лагерінің салынуы, мүгедектігі бар балаларға арналған сауықтыру орталығын ашу, көшелерді жарықтандыру және этно-мәдени туризмді дамыту қолға алынды. Мен Абай ауданы, Қарауыл ауылдық округінде 2020 жылдан бастап ауыл әкімі болып қызмет атқарамын. Осы уақыттан бастап ауылымызда 300 орындық мектеп, заманауи стадион, ауыл балаларына арналған бассейн, балалар ойын алаңы ашылып ел игілігіне қызмет жасап келеді. 10 көшеге асфальт төселіп, су, жылу жүйелері толықтай жаңартылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай көлемі 15 гектарды құрайтын Абай саябағы салынып, ипподром жөндеуден өтті. Ауылымыздағы көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға және жас мамандарға арналып көп қабатты 2 тұрғын үй және мемлекеттік бағдарлама аясында 96 баспана пайдалануға берілді», - деді Қарауыл ауылының әкімі.

Сондай-ақ, ауыл әкімінің айтуынша «Ұлылар мекені» атанған Абай ауданы, оның орталығы Қарауыл ауылын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары басты назарда.                           

«Өткен жылы саябақтармен көшелерге 120 мың дана гүл егіліп, 2000 түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының рухын көтеріп өз бастамаларымен Қарауыл өзенінің бойына табиғатқа төзімді қара ағаштың 500 данасын отырғызды», - деді Өмірбек Бекбаев.

Сөз соңында Өмірбек Бекбаев ауыл әкімдерінің ұсыныстарына сәйкес ауылдық округте кездесетін жүйелі мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, кеңеске жиналған барлық қатысушыларды жұмыла жұмыс істеуге шақырды. 

«Мен өз ауылымды жақсы көремін және әрбір жерлесімнің жүрегін ұялаған бірлік пен келісімді жоғары бағалаймын. Бүгінгі күнге дейін атқарылған қызметтер тек қана ауыл әкімінің немесе оның еңбекқор ұжымының арқасы емес. Баршамыз бірігіп қол жеткізген жетістіктер халық пен ауданымыздың жергілікті атқарушы органдары арасындағы өзара сыйластықтың және өзара қолдаудың нәтижесі деп есептеймін. Біздің сүйікті Отанымыздың әрбір азаматы, әрбір елді мекенді, ауылды және қаланы дамытудың берік іргетасын күшейтуге өз үлесін қосып, ұлт рухын нығайтуға атсалысу қажет деп санаймын», - деді ол.

Айта кетейік, ауыл тұрғындарының бастасымен Қарауылда «Ел аманаты» қайырылымдылық қоры құрылды. Нәтижесінде мүгедектігі бар азаматқа тұрғын үй салынып және көп балалы отбасыға толық жабдығымен техникалық жөндеу станциясы табысталды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив