Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«Елімай» қоржынында тағы бір жеңіс бар

6-05-2023, 09:01 Думан Кенжеғазыұлы

Бірінші лиганың 5 туры аясында Шымкентте «Тұран» - «Елімай» футбол клубтары арасында матч өтті.

Бұған дейін командалар ҚР кубогының 1/16 матчында кездескен болатын.

Шымкенттегі қатты жел командалардың ойынына кедергі келтірмеді және футболшылардың көңіл-күйін түсірмеді. Ойын «Елімайдың» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Матчтың 19 минутында командаға алғашқы голды шабуылшы Максим Житнев әкелді. Екінші таймда, матчтың 56 минутында шабуылшы Бека Кавтарадзе тағы бір голын соқты.

Матчты Семейліктер онлайн режимде тамашалады.

Ойынның тікелей көрсетілімі қалалық Арбатта өтті. Онда Абай облысының қоғамдық даму басқармасы «Абай Жастары» Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен LED-экран және қажетті аппаратура құралдары орнатылды.

Сондай-ақ, жерлестерін қолдағысы келетін жанкүйерлер PFLK YouTube арнасынан ойынды қарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив