Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Абай облысының спортшысы Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде топ жарды

12-05-2026, 09:00 018.kz

8-10 мамыр күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі өтіп жатыр. Қазақстанда төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге әлемнің 39 елінен 300-ден астам спортшы қатысуда. Турнирде Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондары және әлемдік рейтинг көшбасшылары бақ сынауда.

Аталған жарыста Абай облысының спортшысы Жалғас Қайролла 81 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмей, турнир чемпионы атанды.

Жалғас Қайролла жарыс жолында Қырғызстан өкілі Ратбек Жұманазаровты, Тәжікстан спортшысы Бехруз Хожазоданы, Молдова балуаны Виктор Стерпуды және қазақстандық Досхан Жолжақсыновты жеңіп, финалдық белдесуде молдовалық Петру Пеливаннан басым түсті. Осылайша, ол өз спорттық мансабындағы Grand Slam санатындағы алғашқы алтын медалін иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Сонымен қатар, аталған жарыста Абай облысының намысын 57 келі салмақта Карина Каракенова, 60 келіде Нұрлат Сұңғатұлы, 70 келіде Ажар Асхатқызы, 73 келіде Ануар Жұмагелдин және 81 келіде Ерзат Арғынов қорғады.

Жарыстың соңғы күнінде 90 келі салмақ дәрежесінде Абай облысының өкілі Барақ Арқабай татамиге шығады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив