Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
477.48 555.83 6.65

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалар лагерьлеріне санитариялық ережелердің сақталуына тексеру жүргізудің жаңа тәртібін іске қосады

Бүгін, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылын аяқтау мәселесі қаралды. Онда оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев, сондай-ақ Ақмола және Атырау облыстарының әкімдері баяндама жасады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі – білім беру және жазғы демалыс ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру. Бұл жұмыс инфекциялық аурулардың алдын алуға және балалардың қауіпсіз жағдайда болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы жылдың басынан мектептерде 347 тексеру жүргізілді, оның ішінде 49 ас блогы тексерілді. Анықталған негізгі ереже бұзушылықтар жүйелі сипатқа ие, атап айтқанда:

  • бөлмелердің санитариялық-техникалық жағдайының тиісті деңгейде болмауы;
  • санитариялық-эпидемиологиялық ұйғарымдардың болмауы.

Негізінен бақылау-қадағалау қызметін либерализациялау бойынша жүргізілген іс-шаралар еліміздің эпидемиологиялық жағдайына елеулі әсер етті. Соңғы үш жылда білім беру ұйымдарында топтық инфекциялық аурулар жағдайының екі есе өсуі байқалады», — деді денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Осыған байланысты осы жылдың басында Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, балалар болатын объектілерді мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін Заңға қол қойды. Биылғы 1 маусымнан бастап жаңа тәртіп аясында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мектептерге мониторинг жүргізу басталады, ал 1 шілдеден бастап аталған барлық нысандарда жоспарлы тексерулер өткізіледі.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елімізде мектеп мәзірін кешенді жаңарту және барлық білім беру ұйымдарында жаңа Тамақтану стандартын кеңінен енгізілді. Бұл дегеніміз тамақтың сапасын жақсартуға және қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған іс-шара.

«Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша ағымдағы маусымда 187 жазғы сауықтыру ұйымын ашу жоспарлануда. Бүгінгі күні тек 53%-ы өтініш беріп, оның ішінде 33%-ы, яғни 33 нысан балаларды қабылдауға дайын. Өткен жылы рұқсат құжаттарысыз жұмыс істеген лагерьлер анықталды, олар бойынша материалдар прокуратура органдарына, жіберіліп, тиісті шаралар қабылданды.

Азаматтар үшін «жедел желі» жұмысы қамтамасыз етілді, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында апта сайын санэпид қорытынды алған лагерьлердің тізбесі жаңартылып отырады.

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп медицинасын дамыту бойынша шараларды жүзеге асыруда. Елімізде мектептердегі медициналық пункттер емханаларға бекітілген, 95%-ы мейіргермен қамтамасыз етілген және жабдықталу деңгейі 93%-ға жетті. Алайда кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш төмен. Жыл сайын 0-17 жас аралығындағы балаларға профилактикалық тексерулер жүргізіледі, қамту 93%-ды құрайды», — деді Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, сапаны жақсарту және аурулар қаупін ерте анықтау үшін мектеп оқушыларын профилактикалық тексеру жүйесін кешенді жаңғырту жүргізілуде.

Емханаларда педиатриялық бөлімшелер құрылды, жасөспірімдер дәрігері лауазымы қарастырылды, сондай ақ  профилактикалық тексеру нәтижелерін ақпараттық жүйеге енгізу үшін мектептердегі медициналық пункттерді цифрлық жабдықпен жабдықтау туралы норма енгізілді. Осыған байланысты Әкімдер осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін мектептердегі медициналық пункттердің және емханалардың цифрлық жабдықталуын қамтамасыз ету қажет.

«Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 3 459 (46,7%) мектепті қамтитын «Саламатты мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Балалар арасындағы стоматологиялық аурулардың алдын алу үшін 2025 жылдан бастап елімізде мектептегі стоматологиялық кабинеттер жұмыстарын бастады, былтыр 130 мектепте осындай кабинеттер ашылды. 2026 жылы қосымша 225 кабинет ашу жоспарланып отыр. Барлық өңірдің басшыларынан осы мәселені ерекше бақылауға алуды сұраймын.

Білім беру объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және мектеп медицинасын дамыту мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында», — деді ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив