Алакөл жағасындағы жаз: «Дарабоз» лагерінде 720 бала демалады
Мақаншы ауданының Қабанбай ауылында, Алакөл жағасында орналасқан «Дарабоз» балалар сауықтыру лагері биыл да жазғы маусымда жүздеген баланы қабылдап жатыр. Табиғат аясындағы демалыс мұнда тек тынығумен шектелмейді. Балалар спорттық жарыстарға, танымдық бағдарламаларға және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысады.
Лагерь 15 маусым мен 23 тамыз аралығында 6 маусым бойынша жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде мұнда барлығы 720 бала демалады. Әр маусымда 120 баладан қабылданып, олардың қауіпсіз әрі сапалы демалысы үшін барлық жағдай жасалған.
«Дарабоз» лагеріндегі жазғы демалыс балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың танымын кеңейтуге, шығармашылық қабілетін дамытуға және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.




