Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

NIS шәкірті «Үздік жас зерттеуші» атанды

14-05-2023, 15:47 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 сынып оқушысы Ескендір Тұрсынхан «Үздік жас зерттеуші» атанып, ғылыми жобасы авторлық құқыққа ие болды.

Авторлық құқық алған шәкіртіміздің «Абай облысы климаттық жағдайында мектеп ауласын абаттандыруда қолданылатын мобильді қосымшаны жасау» атты жобасына биология пәнінің мұғалімі, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Қыдырмолдина, информатика пәнінің мұғалімі А.Таяпбергенова жетекшілік жасап, қолдау білдірген. Жобаның зерттеу нысаны болған  өңіріміздегі сәндік өсімдіктердің түрлері мен оларды өсіру туралы мағлұматтарды «Tilda» веб-сайтының конструкторында «QR» код арқылы анықтауға әрі «MIT App Inventor» мобильді қосымшасы арқылы бөлісуге болады.

Мобильді қосымшаны  өзінің ауласын, саяжайын жасыл-желекке айналдырғысы келетін кез-келген тұрғын, тіптен қаланы абаттандырумен айналысатын мамандардың өзі қолдана алады.

Жуырда Астана қаласында өткен  «Ғылым және жастар: ашылулар мен перспективалар» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Ескендірдің осы еңбегі жоғары бағаланып, «Үздік жас зерттеуші» номинациясын иеленді. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив