Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Айдос Солтанғазы қала тұрғындарымен кездесті

11-11-2026, 19:30

Семей қалалық мәслихатының №22 бірмандатты сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Айдос Солтанғазы тұрғындармен ашық кездесу өткізді.

Жүздесу барысында елді мекеннің өзекті мәселелері мен халықты толғандырған сауалдар талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді ортаға салды.

Кандидат кездесуге қатысушылардың пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерге назар аударды. Сонымен қатар халықпен тікелей байланыс орнатудың және әрбір азаматтың ұсынысын ескерудің маңыздылығы атап өтілді.

Айдос Солтанғазының айтуынша, тұрғындармен тұрақты кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдау – қоғаммен тиімді байланыс орнатудың маңызды бөлігі. Ашық пікір алмасу өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

*№ 22 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Айдос Солтанғазының  сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив