Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Кандидат Салтанат Наурызбаева тұрғындармен кездесті

12-11-2026, 18:48

Семей қалалық мәслихатының №12 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат Салтанат Наурызбаева округ тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында күнделікті тұрмысқа тікелей қатысты өзекті мәселелер, абаттандыру жұмыстары және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағыттары талқыланды.

Жүздесу кезінде тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат әрбір тұрғынның пікірін тыңдап, өмір сапасына тікелей әсер ететін мәселелерге назар аударудың маңыздылығын атап өтті.

Салтанат Наурызбаеваның айтуынша, қаланың дамуы мен тұрғындарға жайлы жағдай қалыптастыру – ортақ міндет. Өйткені қала – баршаға ортақ үй. Сондықтан оның әрбір тұрғыны үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру маңызды.

Халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдау бағытындағы кездесулер жалғасуда.

*№ 12  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Салтанат Наурызбаеваның сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив