Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.72 493.86 5.49

Кандидат Ерасыл Диқамбаев тұрғындармен кездесті

Кеше, 12:17

№15 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерасыл Диқамбаев тұрғындармен кездесу өткізді.

Жүздесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жоспарлары мен өңірді дамытуға қатысты негізгі басымдықтарын баяндады. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, оларды толғандырған мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

Кездесуде халықпен тікелей байланыс орнатудың, елдің талап-тілегін тыңдап, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді зерделеудің маңызы айтылды. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізуге мүмкіндік алды.

Ерасыл Диқамбаев халықпен жүздесу сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіріп қана қоймай, тұрғындардың мұң-мұқтажын білуге және олардың пікірін ескеруге жол ашатынын атап өтті.

*№15 бірмандатты сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ерасыл Диқамбаевтің сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив