Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455 498.77 5.56

Кандидат Азамат Камзанов сайлау округіндегі ардагерлермен кездесті

12-11-2026, 12:46

№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзанов өз округінің ардагерлерімен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, қаланың инфрақұрылымын дамыту және округ аумағындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Ардагерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат олардың ой-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді назарға алатынын жеткізді.

Азамат Камзанов аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің маңыздылығын атап өтіп, тұрғындармен ашық диалогты алдағы уақытта да жалғастыратынын айтты.

*№19 бірмандаттық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Азамат Камзановтың сайлау қорынан төленді

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив