Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Кандидат Тілек Тобықбаев тұрғындармен кездесті

11-11-2026, 15:09

№13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тілек Тобықбаев қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Кездесу кезінде тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Өз кезегінде кандидат көтерілген мәселелермен танысып, тұрғындармен ашық пікір алмасты.

Жиынның басты мақсаты – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдау.

*№ 13 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тілек Тобықбаевтың сайлау қорынан төленді


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив