Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Бағдат Мусин Тарбағатай ауылындағы интернет мәселесін өз бақылауына алды

27-05-2023, 14:11 018.kz

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Абай облысына жұмыс сапары аясында азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында Аягөз ауданының тумасы Думан Кенжеғазыұлы өзінің туған ауылындағы интернет мәселесінің ұзақ жылдар бойы шешім таппай келе жатқанын айтты.

Оның айтуынша Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында соңғы жылдары интернет мәселі жиі қозғала бастады. Алайда жауапты сала өкілдерінен ешқандай нәтижелі кері байланыс болмаған. Министр аталған мәселені өзінің тікелей бақылауына алатынын жеткізіп, оны қысқа мерзім ішінде шешуге уәдесін берді.

«Біз арнайы мамандарды өзіміздің тиісті көлігімізбен Сіздердің ауылдарыңызға жібереміз, олар сол жерде нақты шешімдер қабылдау қажет. Жақсылық Бақытұлы керек болса Сіз өзіңізде барыңыз ол жерге, операторларда барсын. Мәселеңіз міндет түрде шешімін табатын болады», - деді Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Ибрагимов өтініш иесімен жеке әңгімелесу өткізіп, мәселенің шешілу жолын талқылады.

Жауапты сала өкілі Тарбағатай ауылындағы интернет мәселесінің нақты қашан шешілетінін айтты.

«Дәл қазір осы жерде Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы тұр. Ол кісі Сіздің мәселеңізбен айналысады. Мен Сізге 10 шілде күні қоңырау шалып, мән-жайдың қалай болып жатқандығы туралы хабарлаймын. Олар 10 тамызға дейін мәселені толыққанды шешіп беруі тиіс», - деді Жақсылық Ибрагимов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив