Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында барлық салаларда оң динамика байқалады

5-06-2023, 15:37 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстың қысқа мерзімді экономикалық даму көрсеткіші өткен жылдың қорытындысы бойынша 104,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың төрт айында негізгі макрокөрсеткіштердің де өсімі байқалды.

Ең көп өсім жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінде (120,4%), өнеркәсіп өнімдерінде (109,7%), құрылыста (108,8%) және өңдеу өнеркәсібінде (106%) тіркелді.

Негізгі капиталға салынған инвестиция 8,2%-ға өсіп, 420,4 млрд теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімі 473,3 млрд теңгеге жетті.

340,5 мың ш.м.  тұрғын үй (өсім 104,1%) қолданысқа берілді, бұл 3352 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сыртқы сауда айналымы 1,4 млрд долларды құрады (экспорт – 0,9 млрд, импорт – 0,5 млрд доллар).

Өндірістік белсенділік әлеуметтік көрсеткіштерге оң әсер етті. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 24,2 пайызға өсіп, 260,1 мың теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың төрт айында негізгі макрокөрсеткіштер бойынша да оң динамика байқалады.

Мәселен, 4 айда құрылыс секторы 159,8%-ға, инвестиция көлемі 112,9%-ға, өңдеу өнеркәсібі 121,3%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 105,3%-ға, ауыл шаруашылығында жалпы өнім 102,7%-ға өсті.

Облыс бюджетіне өз кірістері бойынша (ағымдағы жылдың 1 мамырына) 33,8 млрд. теңге түсті, 138,9 пайыз өсімді құрады.

Ағымдағы жылға облыс бюджеті 374,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде меншікті кірістер 92,1 млрд. теңгені құрады. Өсім 10,4%.

Облыс орталығы Семей қаласының бюджеті 86,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға артық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қаржыландыру көлемі 1,4 есеге, халықты әлеуметтік қорғау 1,5 есеге ұлғайтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив