Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда

5-06-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы мен Семей қаласы еліміздің дамыған өңірлеріне айналуы керек және бұл бағытта нақты мақсат қойылып отыр. Қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар, сондай-ақ облысты дамытудың кешенді жоспары мен қалыптасқан инвестициялық жобалар пулы аясында жоспарланған жобалар өңірдің одан әрі дамуына септігін тигізеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыстың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітілді.

Кешенді жоспар 102 шараны қамтиды. Бұл бағытта 1,9 триллион теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, 2028 жылға дейін инвестициялық жобалар пулы қалыптасты, оның құрамына 870 млрд теңгеге 43 жоба кіреді. 6,8 мың жұмыс орны құрылады жеп жоспарлануда.

Оның ішінде ағымдағы жылы 1034 жаңа жұмыс орнын құрумен 29,3 млрд теңгеге 8 жоба жүзеге асырылуда:

1) «SHARCEM» ЖШС Жарма ауданындағы жылдық қуаттылығы 1,2 млн тонна цемент зауытын жаңғырту. Жоба International Cement Shar Сингапур инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда

2) Семей қаласындағы «ARX Minerals» ЖШС Беркарин кен орнының базасында мыс өндіру және катодты мысқа қайта өңдеу зауытын салу, жобалық қуаты – жылына 4 мың тонна көлемінде 500 мың тонна кен өндіру және катодты мысқа қайта өңдеу.

3) Семей қаласындағы  «Алел» Қаржы инвестициялық корпорациясы» АҚ көмір өңдеу зауытының қуаттылығын тәулігіне 16 м3 дейін арттыра отырып, көмірді десорбциялау цехын салу, бұл алтын өндіруді 4%-ға арттыруға әсер етеді.

4) «Yqylas-Invest» ЖШС-нің Семей қаласында қуаттылығы айына 30 тонна ет консервілерін құрайтын ет жартылай фабрикаттарын (консервілер) өндіру.

5) Үржар ауданындағы «Бақты» кеден өткелінің «Eurotransit Terminal» ЖШС көлік-логистикалық орталығы.

6) Семей қаласында «Qazaq Astyq Group» ЖШС үшін қуаттылығы тәулігіне 200 тонна күнбағыс майын құю және орау желісі бар өңдеу цехының құрылысы.

7) Бородулиха ауданындағы «Е.Зайтенов» шаруа қожалығынында өнімділігі жылына 40 тонна май цехының құрылысы.

8) Үржар ауданындағы «Мухит Агро» ЖШС-де (Агрофирма Приречное) суару жүйелерін салу, көлемі 960 га.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив