Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Алдымызда Абай облысының барлық тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр – Нұрлан Ұранхаев

5-06-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы жалпы құны 17 миллиард теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 2024-2025 жылдары су құбыры желісінің 19 жобасын салу жоспарлануда.

Абай облысының  тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 91,9%-ды  (қалаларда – 92,8% және АЕМ– 90,5%) құрайды. Облыс бойынша сумен жабдықтау желілерінің орташа тозуы 51 пайыз.

Облыстың 610 мың тұрғынының 49 мыңға жуығы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген (35 ауылдық елді мекенде 23 мың адам және Семей қаласында 26,7 мың адам).

2023 жылы 17 млрд теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, жоба жүзеге асқаннан кейін ауыз сумен қамтамасыз ету 93,1 пайызды құрайды.

13 қайта құру жобасы әзірленуде, оның ішінде Абай ауданында Архат ауылы, Бесқарағай ауданында Кривинка, Малая Владимирвка, Башкөл, Канонерка, Бозтал ауылдары, Жарма ауданында Үшбиік ауылы, Көкпекті ауданында Ажа, Ақой ауылы, Үкілі Қыз, Үржар ауданында Таскескен ауылдары.

Абай ауданының Кеңірбай, Құндызды, Медеу ауылдарында, Жарма ауданының Жаңғызтөбе, Қалбатау ауылдарында, Үржар ауданының Науалы, Көктерек ауылдарында конкурстық рәсімдер өткізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив