Республиканың қоғамдық кеңесі Абай облысының жастарымен кездесті
Семейде Республикалық Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен жоғары оқу орындарының студенттерімен, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі «Саналы ұрпақ» клубтарының белсенділерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылық пен мәдениетті және олардың белсенді азаматтық ұстанымын, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын арттыру мүмкіндіктерін талқылау.
«Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов жастарға қоғамдық бақылаудың рөлі жөнінде айтып өтті. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, қоғамдық қызметтің құралдары мен тетіктері туралы айтты.
«Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Семғалиев әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерімен таныстырып, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде белсенді өзара әрекеттестікке шақырды.
Жастар алдында заң ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Кәкімжан Бишманов та сөз сөйледі. Ол жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар қонақтар мен қатысушыларға танымдық және мазмұнды сұхбат үшін алғыс білдірді.