Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Семей қаласына қарасты Новобаженово ауылында 7470 гектар алқапқа дақылдар егу жұмыстары жүргізіледі

2-06-2023, 14:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласындағы Новобаженово ауылдық округі көктемгі дала жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуде. Барлық агротехникалық шаралар сақталып,  шаруашылықтар қажеттілікпен толық қамтамасыз етілген. Атап айтқанла  жұмысшы- механизатор, техника, ЖЖМ, тұқым, минералды тыңайтқыштар себілген.

Биылғы жылы Новобаженово ауылында 7470 га алқапқа дақылдар егу жоспарланған.  Оның ішінде майлы дақылдар-5028 га, картоп -203 га, көкөніс-бақша дақылдары- 97 га. Бұл жұмыстарға округтің 13 шаруашылығы қатысуда, атап айтқанда «BaAgroInvestGroup» ЖШС, «Кали», «Лаура», «Толағай» және т.б. Шаруашылық жетекшілері жаз айларында күтіп- баптау жұмыстарын нәтижелі жүргізіп, мол өнім алуды жоспарлап отыр.

«Егіс алқабы толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылған. Биыл былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда биылғы көктемгі дала жұмыстары ерте басталды»,- деді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив