Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында 320 шақырымнан астам жол жөндеумен қамтылды

21-06-2023, 08:21 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында барлық деңгейдегі жолдарды жөндеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жол-құрылыс жұмыстарымен Қарауыл – Қоңыр әулие, Семей – Долон – Қоянбай, Новобаженово – Шүлбі, Зубаир - Петропавловка сияқты облыстық жолдардың бағыттары қамтылды. Бұл учаскелердің жалпы ұзындығы - 107,3 км.

Айта кетейік, «Семей – Ресей Федерациясының шекарасы» автожолының 15,8 км учаскесі аяқталды және пайдалануға берілді.

Бұдан басқа, аудандық маңызы бар жолдардың 25 учаскесінде – 138,2 км-ге орташа жөндеу жүргізілуде, оның ішінде - Жарқын, Шаған, Қыземшек, Верхне-березовский, Медеу, Орда, Малтыкөл, Дөненбай, Айғыз, Кіндікті, Тана-мырза, Өндіріс, Жыланды, Қарабас, Буркутово, Шұғылбай, Толағай.

Осындай жұмыс «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілуде, ол бойынша облыста 77 км кентішілік көше-жол желісін орташа жөндеу бойынша 33 жоба іске асырылуда. Жөндеу облыстың 26 тірек елді мекендерінде жүзеге асырылады: Семей - 1 жоба, Абай ауданы - 5 жоба, Аягөз ауданы - 3 жоба, Бесқарағай ауданы - 3 жоба, Бородулиха ауданы - 3 жоба, Жарма ауданы - 5 жоба, Көкпекті ауданы - 5 жоба, Ақсуат ауданы - 2 жоба және Үржар ауданы - 5 жоба.

Барлық жұмыстар қатаң белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Сапаны бақылау Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мен жұртшылықты тарта отырып, тұрақты негізде жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив