Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне өтінім беру мерзімі ұзартылды

22-06-2023, 14:17 Думан Кенжеғазыұлы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 10 жылдығына орай конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

«Мерейлі отбасы» конкурсы адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға; неке, жанұяның жақсы жақтарын дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

бірінші – аудандық (қалалық) кезең,

екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) кезең.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім «Отбасы орталығы» қоғамдық қорының электрондық поштасына жіберіледі (ofcentrsemi@mail.ru) немесе Абай Құнанбаев көшесі 86 мекен-жайындағы қордың кеңсесіне. Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000181 

Қосымша сұрақтар бойынша: 87222566453; 87474292344

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив