Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.96 533.03 5.22

Қарауыл ауылының әкімі республикалық байқауда үшінші орын иеленді

23-06-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы ұйымдастырылды.

Биыл төртінші жыл өткізіліп отырған бұл конкурстың мақсаты – ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосып, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген ауыл әкімдерін анықтау және  оларды ынталандыру шаралары аясында жергілікті басқарудағы тиімді, үздік тәжірибелерді кеңінен тарату.  

Конкурс өңірлік және республикалық кезеңдерден тұрды.

Айта кету керек, әкімдердің қызметін бағалау кезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жасаған жұмыс нәтижелері және жұртшылықпен кері байланысты қамтамасыз етуі, жергілікті қоғамдастықтың әкімдерді бағалау қорытындылары ерекше ескерілді.

Сондай-ақ іріктеу барысында ауыл әкімдері ауылдық елді-мекендерде өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларын қорғап, оларды тұрақты дамыту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Конкурсқа қатысуға еліміздің өңірілерінен жүзден аса ауылдық округ әкімдері ниет білдірді.

Конкурс нәтижесі бойынша Абай облысының атынан сынға түскен Абай ауданы, Қарауыл ауылдық округінің әкімі Өмірбек Жанарбекұлы Бекбаев 3 орын иеленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив