Көкпекті ауданында гемодиализ бөлімі ашылды
Бұл аудан халқы асыға күткен қуанышты жаңалық. «Гемодиализ» бөлімі ашылып, ресми түрде орталық өз жұмысын бастады.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына іс-сапармен барған кезде, аудан тұрғындары Көкпекті ауданында «Гемодиализ» бөлімін ашу мәселесін көтерген болатын.
Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша облыс басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырма берген болатын.
Сауықтыру бөлімнің ашылуына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова, Абай облысы «Бүйрек» орталығының директоры, Абай облысының штаттан тыс нефрологы Думан Медеуов және аудан тұрғындары қатысты.
Бүгінгі күні Көкпекті ауданы бойынша «Гемодиализ» бөлімінен 7 тұрғын тұрақты ем алуда. Одан бөлек, аталған орталықта көршілес Ақсуат ауданының 2 тұрғыны да қызмет алатын болады.