Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Семейде «Елімай» футбол клубының эмблемасы бейнеленген жаңа мурал салынды

26-06-2023, 16:52 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында қабырға суреттері салынуда. Ежелден футболдың отаны саналатын Семей қаласында 408 квартал 15 үйдің қабырғасына «Елімай» футбол клубының эмблемасы салынды

Сондай-ақ, сәндік муралдар Шәйжүнісов 152, Мәңгілік ел 10 мекенжайындағы тұрғын үй қасбеттерінде салынды. 

Бұл аудандарда Семейдің келбетін бейнелейтін Ертіс өзені мен Ұлы Абайдың суреттері салынуда.

Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың мәліметінше ағымдағы жылы дәл осындай бірнеше Муралдар пайда болады. 

Айта кетейік, мурал– бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. «Мурал» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «қабырғадағы сурет» деген мағынаны білдіреді. Мурал-арт суреттері кез-келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл - биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив