Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарын құрбан айт мерекесімен құттықтады

28-06-2023, 09:23 Думан Кенжеғазыұлы

Күллі мұсылман қауымы үшін аса қастерлі, ізгілік пен мейірім шуағын төккен ұлық мерекесі – Құрбан айт қабыл болсын!

Ұлттық руханиятымыз бен салт-дәстүріміздің өзегіне айналған бұл күн әрқашан халқымызды қанағат пен рахымға, қайырымдылық пен жанашырлыққа, адамгершілік пен ізгілікке үндейді.

Осынау құндылықтар түрлі діндер мен конфессиялар тоғысқан көпұлтты еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің өзегіне айналды.

Сауабы мол қасиетті күнде шалған құрбандықтарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын.

Әр отбасына амандық, мол ырыс, береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін!

Туған жер, қасиетті Отанымызда ауызбіршілік пен ынтымақ салтанат құрып, еліміздің мәртебесі арта берсін!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив