Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып журналист Берік Хасенов тағайындалды

3-07-2023, 16:14 Думан Кенжеғазыұлы

Хасенов Берік Жаппарұлы көп жылдар бойы Astana TV, «Еуразия+ОРТ» және «7 арна» телеарналарының тілшісі болып жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстанның орталық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдары мен ұйымдарының баспасөз қызметтерінде жұмыс тәжірибесі бар. 

Б.Хасенов 1987 жылы Абай облысы, Шар қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде алды. Сонымен бірге Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бакалавры.

Еңбек жолын 2010 жылы Семей қаласы әкімінің және мәслихат аппараттарының баспасөз қызметінен бастаған.

2012-2013 және 2015-2016 жылдары Astana TV телеарнасының, 2013-2014 және 2021-2022 жылдары «Еуразия+ОРТ» телеарнасының тілшісі болып жұмыс істеді.

2016 жылдан 2019 жылға дейін Nur Otan (Amanat) партиясы Орталық аппараты баспасөз қызметінің, кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автожолдар дирекциясының қызметкері болды.

2019-2020 жж. ­– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметінің маманы.

2021-2022 жж. – «Computer vision Technologies» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, «7 канал» телеарнасының өңірлік коррпункттер желісінің бас редакторы.

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалғанға дейін «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ баспасөз қызметінде жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив