Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Бесқарағай ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер бой көтеруде

12-07-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылы Бесқарағай ауданында 35 екі пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 10 екі пәтерлі тұрғын үй салынып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде Бесқарағай ауылында 4 үй, Канонерка ауылында 2 үй, Глуховка ауылында 2 үй, Ерназар ауылында 1 үй және Қоянбай ауылында 1 үй.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде бой көтерген тұрғын үйлер толық аяқталғаннан кейін, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға және де әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне беріледі деп күтілуде. 

«Бүгінгі күні ауданымызда жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, аудан жұртшылығына қуаныш сыйлауда. Мен Бесқарағай ауылының тұрғыны ретінде кезекте тұрмын. Осы салынған үйлердің бірінен жаңа үй кілтін аламын деген үміттемін. Айта кету керек бұл тұрғын үйлердің сапасы өте жоғары. Осындай жобалар көп болсын»,- деді өз сөзінде Бесқарағай ауылының тұрғыны Кунгазин Думан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив