Шар қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде
Шар қаласында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы, көп балалы жанұяларға арналған 5 екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Жарма ауданының әкімі салынып жатқан үйлерді аралап, сапасына мән берді. Тұрғын үй құрылысын мердігер ұйым - «Жарма Құрылыс-Газ» ЖШС жүргізуде.
Аудан әкімі мердігер ұйым мен осы салаға жауапты басшыларға құрылыстың талапқа сай жүргізілуін басты назарда ұстауды тапсырды.
Сонымен бірге, Жарма технологиялық колледжіндегі орталық жылу желісін ауыстыру жұмыстарын қарап шықты. Қазіргі таңда кәсіптік білім беру мекемесінің негізгі ғимаратына, тәжірибелік оқу бөлігі мен екі жатаханаға баратын жылу желілері, су құбырлары толық жаңартылған.
Бұл жұмыстар нәтижесінде колледждің материалдық базасы жақсара түспек.