Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Абай облысында «Бизнеске жол» жобасы аясында 274 кәсіпкердің құқығы қорғалды

13-07-2023, 16:53 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Абай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов айтты.

- Өңірде «Бизнеске жол» жобасы белсенді іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты адал бизнесті жүргізуге тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді анықтау және жою болып табылады. Бүгінгі таңда жоба аясында 274 кәсіпкердің құқығы қорғалды, - деді Р. Тоқбергенов.

Мәселен, Семей қаласының жер қатынастары бөлімі сауда павильоны орналасқан жерді жалға алу мерзімін ұзарту кезінде орынсыз бюрократияға жол берген. Әкімдік павильонның эстетикалық келбеті қаланың дизайн кодына сәйкес келмейтінін сылтауратып, кәсіпкерге заңда көзделмеген талаптар қойған. Департамент уәкілетті органмен бірлесіп кәсіпкерлердің құқығын қорғады. Жалдау мерзімі ұзартылып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп гранттар беру, бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп жатқаны туралы айтылды.

Спикер коммуникациялар қызметінің алаңын пайдалана отырып, аталған салада әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тап болған бизнес субъектілерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив