Ақпараттық түсіндірме тобы Бесқарағай ауданында
16 маусымда мемлекет кепілдік берген халыққа заң көмегін көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында Абай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Бесқарағай ауданына келді.
Халықпен кездесуге Абай облысының нотариаттық палатасы, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және заң консультанттары палатасының өкілдері де қатысты.
Азаматтар жылжымайтын мүлікті ресімдеу, алимент пен зейнетақы төлемдерін аудару, көші-қон қызметі, борыштық мүлікті өткізу және өзге де өзекті мәселелер бойынша жүгінді. Заң консультацияларына жүгінген халықтың саны 50-тан астам адамды құрады. Әрбір ниет білдірушімен консультация өткізіліп, барлық құқықтық аспектілер бойынша ұсыныстар берілді.
Әділет органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі азаматтардың құқықтық санасын арттыру, заңнаманы түсіндіру және халық арасында құқықтық насихат сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс болып табылады. Абай облысы Әділет департаменті нотариаттық палата, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы және заң консультанттары палатасымен бірлесіп, халықпен кездесу үшін аудандарға тұрақты сапарлар жүргізеді. Қолдау үшін ерікті студенттер шақырылды. Бұл іс-шаралар ерекше маңызға ие және халықты қолжетімді білікті заң көмегімен көбірек қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Аталған жиын аудан әкімінің орынбасары Алмас Тәнібекұлы Тастенбековтың басқаруымен өтті.