Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Абай облысындағы «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпарат

15-07-2023, 15:34 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).

Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді.

Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында  ТЖМ авиациясы жіберілді.

Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.

Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с.

Өрттің жанында қазіргі уақытта «Шошқалы» демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив