Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.12 627.02 6.65

Аймақтық кәсіпкерлер «Иннопром – 2023» Халықаралық көрмесіне қатысты

19-07-2023, 10:23 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімнің бірінші орынбасары А.Кәрімов және облыстың бизнес-өкілдері қазақстандық делегация құрамында Екатеринбург қаласында өткен «Иннопром – 2023» Халықаралық көрмесіне қатысты.

Қазақстандық павильонның жалпы ауданы 900 шаршы метрді құрап, өнеркәсіптің түрлі салаларынан 250 жетекші отандық компания орналасты.

Абай облысынан «СемАЗ» ЖШС, «Интеллект-Сервис» ЖШС, «Казэлектромаш» ЖШС және «Боти» ЖК өндірушілерінің экспоненттері ұсынылды.

Премьер-Министр Ә.Смайылов атап өткендей, «Иннопром» Қазақстан, Ресей Федерациясы және ТМД елдерінің өнеркәсіптік кооперациясын нығайту үшін дәстүрлі іс-шараға айналды.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі Ресей Федерациясының әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, облысымыздың кәсіпорындары арасында «Интеллект-Сервис» ЖШС ресейлік серіктестермен интерактивті панельдерді жеткізуге және «Медиус» ЖШҚ дилерлік қызметін ұсынуға меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, біздің кәсіпорын «Олжакөл» ЖШС «Калининград вагон құрастыру зауыты» АҚ-мен думпкар өндірісін бірлесіп ұйымдастыруға келісім жасасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив