Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жарма ауданында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған комиссия отырысы өтті

19-04-2023, 17:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жарма ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Н. Нұрғалиевтың төрағалығымен қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа құқықтық қорғау органдарының қызметкерлері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті № 23 мекемесінің  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сабиева әлеуметтік-құқықтық ықпал ету шаралары, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жазасын өтеу орындарынан босатылғандар мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтардың медициналық көмекпен қамтылуы, оның ішінде туберкулезбен ауыратын адамдарды және амбулаторлық емдеудегі азаматтарға көрсетілген қызметтер жайында Шар қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Қ.Ерболов  хабарлады.

Отырыста пробация есебіндегілер мен жазасын өтеп шыққан азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету барысы, олардың медициналық көмекпен қамтылуы, сондай-ақ түзету мекемелерінде жеке кәсіпкерлікті дамыту және аталған санаттағы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету,  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүргізіліп жатқан әлеуметтік жобаларға тарту мәселелері қаралды.

Комиссия отырысы соңында атқарылған жұмыстарды талқылай келе, жауапты тұлғаларға бас бостандықтарынан айыру орындарында жұмыс орындарын ашу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив