Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Жарма ауданының әкімі су қоймаларының ағымдағы жағдайымен танысты

2-05-2023, 16:01 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров жұмыс сапарымен Ортабұлақ пен Шар су қоймаларына барып, жағдайды бақылады.

Суармалы алқаптардың көзі болып табылатын Шар су қоймасы бүгінде күрделі жөндеуден өтуде.​

Қазіргі уақытта мұнда​ шамамен 40 млн. куб метр су жиналған. Яғни, су қоймасы 50 пайызға су қорын жинап отыр деген сөз.

Тұрғындардың қауіпсіздігі алдыңғы орында екендігін ескере отырып, аудан әкімі​ су қорын қауіпсіз деңгейге түсіруді тапсырды. Өткен жылдарғы сұраныс негізінде су қорын 30 млн текше метр деңгейінде сақтау,​ келіп жатқан және жіберілген су көлеміне тиісті мониторинг жүргізу​ және орталық су бөлуші орын арқылы суармалы алқаптарға барынша су жіберу қажеттігін айтты.

Бұл ретте суармалы алқап иелері барынша жерді ылғалдандыру жұмыстарын қолға алулары қажет. Яғни, қолда бар су қорын мақсатты әрі тиімді пайланулары тиіс. Маусымдық жұмыс арқасында мол өнімділікке қол жеткізуге болады.​

Сапар барысында Ортабұлақ су қоймасында болып, жалпы ахуалымен танысқан аудан басшысы мамандарға су көлеміне күнделікті тексеріс жүргізіп, келетін және ағып жатқан су көлемін бақылауды тапсырды. Жұмыс барысын пысықтай келе, маңызды екі нысан жұмысын өз бақылауына алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив