Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім бар

24-07-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылдың алғашқы алты айында өңір кәсіпорындары 673,6 млрд теңгеге өнім өндірді. Негізгі үлесі – 56,3% тау-кен өнеркәсібі және кенорындарын қазуға тиесілі. Бұл салада 379,5 млрд. теңгеге, ал өңдеу өнеркәсібінде 269,2 млрд теңгеге өнім шығарылды.

Өңірде ауыл шаруашылығы белсенді дамып келеді. Бұл салада жалпы өнім көлемі 143,7 млрд теңгені құрады. Мал саны жылдан жылға артып келеді. Ірі қара мал саны 863,7 мың, ұсақ мал - 1 471, 3 мың, жылқы – 385,5 мың, құс – 1 477, 9 мың басты құрады. 

Облыста егіс егу науқаны толығымен аяқталған. Оның көлемі жалпы 654,2 га ауданды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 297,3 мың га, майлы дақылдар – 306,2 мың га, картоп – 7,7 мың га, көкөністер – 3,6 мың га, бақша дақылдары – 2 мың га.

Облыста инвестиция тарту бойынша жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Өткен алты айда өңірге 230,5 млрд теңге тартылды.

Инвестициялардың негізгі көлемі – 163,1 млрд. теңге кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаражаты есебінен тартылған. Республикалық бюджеттен 22,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 23,6 млрд теңге бөлінген.

Абай облысында құрылыс белсенді қарқынмен жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 63,1 млрд теңгені құрады.

Жыл басынан бері 130,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бірінші жартыжылдықта облыста 11 773 жұмыс орны құрылып, оның 7 242-сі тұрақты.

Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін 12 282 адам жүгінген, оның ішінде 6 512 адам жұмысқа орналастырылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3 074 адам жіберілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив