Бесқарағай ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жүзеге асып жатыр
«Ауыл – ел бесігі» жобасының негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Осыған сәйкес Абай облысында ауылдарды дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Мәселен, жоба аясында Канонерка ауылында мәдениет клубының шатырына күрделі жөндеу жүргізілді.
Жұмыс сапары барысында аудан басшысы Талғат Мұратов жобаның іске асу барысымен танысып, жөндеу жұмыстарын жоспарға уақытыл әрі сапалы жасауды тапсырды. Жоба тамыз айында толығымен аяқталады деп күтілуде.
Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауданның 9 елді мекенінде ауылдық клубтар ашу жоспарланған.
«Бұл жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды. Соның аясында аудандық мәдениет үйінің жөндеуден өтуі ауданда мәдениет саласын дамытуға септігін тигізеді. Жалпы халық үшін маңызды жобаның іске асуы тұрақты бақылауда», - деді аудан әкімі.
Тағыда оқыңыз
АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды