Алдағы жылу маусымына қажетті көмір қоры алына бастады
2023-2024 жылдары «Қаражыра» АҚ мен «Теплокоммунэнерго» МКК арасында жылу маусымында қатты отынмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арнайы отырыс өтті.
Отырысқа Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, «Теплокоммунэнерго» МКК директоры Серік Төленбергенов және «Қаражыра» АҚ Бас директоры Ильяр Низамов қатысты.
Абай облысы әкімдігі, Теплокоммунэнерго мекемесі және Қаражыра кен орны қазандықтарды көмірмен толықтыру мақсатында ынтымақтастық келісім шартына қол қойды. Жасалған шарт бойынша Қаражыра кен орыны ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап көмір тасуды бастамақ.
Сонымен қатар келісімде көрсетілгендей кен орыны барлық жиыны 80 мың тонна көмір жеткізіп бермек. Оның 40 мың тонасы тамыз, қалған 40 мың тонна қыркүйек айында жеткізіледі. Жалпы негізінен жылыту маусымында «Теплокоммунэнернго» кәсіпорныны орта 450 мың тонна көмір жағады.