Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында Жармада жолдар жөнделуде

27-07-2023, 15:18 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен​ Жарма ауданының 4 елді мекеніндегі 6 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Осы жұмыстар нәтижесінде​ елді мекендердің көше қиылыстары мен кіре берістері қалыпқа келтіріліп, жол қатынасы жақсара түспек. Жаңғызтөбе кентіндегі жанармай құю бекетінен 4 кварталға дейінгі ұзындығы 2,7 шақырым жолды, жанармай құю станциясынан теміржол вокзалына дейінгі ұзындығы ​0,9 шақырым жолды орташа жөндеу, Бірлік ауылындағы Ғайнуллин көшесінің ұзындығы 1 шақырым жолын,​ ​ Шалабай ауылындағы Шекембай көшесінің ұзындығы 1,1 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.​ Шар қаласының көшелерін ағымдық жөндеуге қаражат бөлініп, конкурс нәтижесі бойынша мердігер «СКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  4 мың шаршы метрге жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, толық аяқтады.

Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар күре жолын жөндеп жатқан Қытайлық Синсин компаниясы әлеуметтік әріптестік аясында меморандум бойынша Қалбатау ауылында жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Абай және Қабанбай көшелеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Қазіргі таңда көшелердің негіздерін дайындап, асфальт жабындысын төсеу жұмыстарына кірісті.

Сондай-ақ Жарма ауданының Қаражал-Бірлік ауылдарына кіреберіс аудандық маңызы бар 9,4 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу бойынша конкурстың нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол - KZ» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жол жөндеу жұмыстары басталады. Мердігер ауа райы т тның қолайлылығын пайдаланып, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауға күш салуда. Сондай-ақ, жоғарыда аталған бағдарлама аясында Қалбатау ауылындағы Әбдірахманқызы ​ және Әлімбетов көшелерінің ұзындығы 3,9 шақырым жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. 

Жобаларды іске асыру автокөлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын және сапалы көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Осыған дейін жергілікті тұрғындар тарапынан аталмыш жол бөліктерінің жағдайына байланысты көп уәж айтылып келген болатын. Бүгінде халықты толғандырған мәселе оңтайлы шешімін тауып, жұмыс қарқын алды. Мердігер ұйымдары  арнайы техникалардың күшімен жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды көздеуде», - дейді аудан әкімінің орынбасары Б. Самежанов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив