Семей қаласында 4 жаңа бағдаршам орнатылады
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жол қауіпсіздігі мен қала қозғалысына айтарлықтай нұқсан келтіретін бағдаршамдардың жиі бұзылуына қатысты шағымдар көбейіп кетті. Қазіргі уақытта қала басшылығы мен жол басқармасы бағдаршамдардың жұмыс істемеу себептерін анықтау бойынша белсенді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Әділбек Увасиловтың айтуынша, қалада жиыны 64 бағдаршам болса, оның екеуі істен шыққан.
«Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан екі бағдаршам техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейді. Бұл мәселе жақын арада шешіледі. Бағдаршамды жедел қалпына келтіру және жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ, бас маман биыл қаланың сол жағалауына 4 жаңа бағдаршам орнату жоспарланып отырғанын атап өтті.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзіҚазақстан жыл соңына дейін жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашады – М. ҚарабаевАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІТЖ министрі Юрий Ильин негізгі суға кету себептерін атады