Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған

3-08-2023, 09:48 Еркежан Қуатқызы
Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді.   
Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды.  
 
Барлығы 30 млн. теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  
 
Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды. Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн. теңгеден астам алименттік берешек өтелді. Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив