Абай облысында жастар саясатын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр
Бүгін облыстық ӨКҚ алаңында «Абай жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеухановтың қатысуымен «Абай облысындағы мемлекеттік жастар саясатының орындалуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы 2022 жылдың желтоқсан айында ресми құрылды. Облыста 11 жастар орталығы (1 облыстық, 2 қалалық және 8 аудандық) жұмыс жасайды. Штаттық бірлік саны 137 құрайды.
Сондай-ақ, облыста NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге баса назар аударылады. Бұл үшін бюджеттен 4,3 млн. теңге бөлініп, әлеуметтік жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта Абай облысының NEET санатындағы жастарға арналған сайт және мобильді қосымша әзірленді. Оның мақсаты - өңірдегі NEET санатындағы жастардың санын мейлінше нақтылау.
Жастар ресурстық орталығының жұмысының тағы бір бағыты жастар арасында волонтерлік қызметті дамыту. Жыл басынан бері облыста 300-ге жуық волонтерлік іс-шара ұйымдастырылды. Айдос Төлеуханов жыл сайын 12 тамызда аталып өтетін Жастар күніне арналған іс-шаралар жоспарына тоқталды. Онда түрлі спорт түрлерінен турнирлер, көрмелер мен ауқымды концерт өткізу жоспарланған.