Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Көкпекті ауданының 10 мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізілді

14-08-2023, 09:22 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданның білім беру мекемелерінің желісіне 18 жалпы білім беретін мектеп кіреді, оның ішінде 11 орта мектеп (5 қазақ мектебі, 6 аралас), 4 негізгі мектеп (3 қазақ мектебі, 1 аралас), 3 бастауыш мектеп (1 қазақ мектебі, 2 аралас). Ауданда  - 2 309 оқушы бар.

Биыл Көкпекті ауданының 10 білім беру ошағына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 147 млн. теңге қаражат бөлініп, келесі жөңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр: 

  1. «Преображенка орта мектебі» КММ шатырды және ғимаратты ішінара жөндеу;
  2. «Шәріптоғай негізгі мектебі» КММ ғимараттың шатырын жөндеу;
  3. «Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ ғимараттың шатырын жөндеу;
  4. «Абай атындағы мектеп балабақша кешені» КММ қазандықты, жылу құбырларын және мұржаны;
  5. «Воздвиженка бастауыш мектебі» КММ ғимараттың электр жылыту жүйесін жөндеу;
  6. «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ қазандық пен тмұржаны ауыстыру;
  7. «Биғаш негізгі мектебі» КММ қазандықты жөндеу;
  8. «Биғаш негізгі мектебі» КММ мектеп ғимаратының терезесін ауыстыру;
  9. «Биғаш негізгі мектебі» КММ-де есіктерін ауыстыру;
  10. «Көкпекті Толағайы бөбекжай-балабақшасы» КМҚК бу қазандықтары мен иұржаны ауыстыру.

Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары Абай атындағы мектеп балабақша кешені мен Биғаш негізгі мектебінде жүріп жатыр, ал қалған білім ошақтары жаңа оқу жылына толығымен дайын. 

Биылғы жөндеу жұмыстарының сапалы және уақтылы жүргізілуін бақылау үшін әр мектепте комиссия құрылған. Оның құрамына ауылдық округтердің әкімдері, қамқоршылық кеңестің төрағасы, ата-аналар комитетінің төрағасы және жергілікті депутаттардан  енген. Барлық жөндеу жұмыстарды 15 тамызда аяқтау жоспарлаған. Жөндеу жұмыстары білім бөлімінің тұрақты бақылауында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив