Әскерилер «Шығыс» полигонында тәжірибе алмасты
Қазақстан Қарулы Күштерінің радицациялық биологиялық барлау бөлімдері «Шығыс» түраралық полигонында өзара тәжірибе алмасты. Айтулы шараға екі жүзден астам әскери қызметші қатысты. Жауынгерлер арнайы сабақтар негізінде әскерлердің жүру жолын радиациялық биологиялық барлау және залалды нысаннан келген әскери техника мен жеке құрамды санитарлық және арнайы өңдеу жаттығуларын пысықтады. Сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар нысандарды бүркемеледі. Тәжірибелік сабақта «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 11098 әскери бөлімі ерекше көзге түсіп, әрбір жаттығуды бұлжытпай орындау барысында шапшаң қимылдап, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін көрсетті. Шарада сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің радиациялық химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері де төбе танытты.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі