Бесқарағай ауданында қысқа дайындық жұмыстары жүріп жатыр
Аудан көлемінде жылыту маусымына 25 мың тоннадан астам көмір керек. Қыс мезгіліне әлеуметтік маңызы бар 44 нысанды дайындау қажет
Аудан әкімдігімен әлеуметтік ғимараттардың жылыту маусымында тұрақты жұмыс істеуі үшін іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бесқарағай ауданы аумағында 21 орта мектеп болса, оның 13-і қатты отынмен, 1-і сұйық отынмен, тағы 7-і электр қуатымен жылытылады. Жылыту маусымы алдында бірнеше мектеп жөндеуден өтті. Бұл мақсатта 57,2 млн теңге қаражат қарастырылып, сұйық отынға 9,1 млн теңге бөлінді. Бүгінде 16 білім беру нысаны жылу маусымына дайын.
Ауданда орналасқан 18 денсаулық сақтау нысанының 13-і жылумен қамтамасыз етілген.
Мәдениет нысандары алдағы жылу беру кезеңіне 75 %-ға дайын. Қара-Мырза, Қарағайлы ауылдық клубтары мен аудандық мәдениет үйіндегі қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Канонерка ауылдық клубында ғимараттың шатырына күрделі жөндеу жасалып жатыр. Құрылыс жұмыстарын осы жылдың 30 тамызына дейін аяқтау жоспарланған.
Еске салсақ, ауданда орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ, тұрғын үйлер пешпен жылытылады.