Үржарлық депутаттар Мақаншы ауданын құру туралы шешімді бірауыздан қабылдады
VIII-шақырылған Үржар аудандық мәслихатының кезектен тыс 4-сессиясы өтті.
Күн тәртібінде Абай облысы Мақаншы ауданын құру туралы және т.б әр түрлі мәселелер қаралды.
Сессия барысында Үржар ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу туралы Қазақстан Республикасы "ҚР-ның әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабының 4),7) тармақшаларына "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6,31-баптарына және Үржар ауданы халқының пікірлерін ескере отырып, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Абай облыстық мәслихатына және Абай облыстық әкімдігіне ұсыныстар енгізу:
Абай облысының Үржар ауданын бөлу жолымен әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылсын:
Үржар ауданы әкімшілік орталығы Үржар ауылында, Ақжар, Амангелді, Қарамойыл, Көлденең, Алтыншоқы, Айтбай, Лайбұлақ, Текебұлақ, Бестерек, Ер Қабанбай, Қазымбет, Жаңа тілек, Тасарық, Елтай, Егінсу, Жанай, Жоғарғы Егінсу, Қызылту, Бургон, Барқытбел, Батпақты, Некрасовка, Благодатное, Науалы, Малақ, Сегізбай, Қарабұйрат, Таскескен, Үшбұлақ, Қарақол, Абай, Сағат, Көкөзек, Шолпан елді мекендерінің шекараларында, жалпы көлемі 1427,57 мың гектар, ауданды жаңадан құрылатын Абай облысының құрамына енгізумен;
Мақаншы ауданы әкімшілік орталығы Мақаншы ауылында Ақшоқы, Подгорное, Бақты, Қарабұта, Қабанбай, Қарабұлақ, Барлық-Арасан, Көктерек, Қайыңды, Қызылбұлақ, Қаратал, Бекет, Бұғыбай, Көктал, Келдімұрат, Қызылжұлдыз, Қаратұма елді мекендерінің шекараларында, жалпы көлемі 913,85 мың гектар, ауданды Абай облысының құрамына енгізумен.
Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.